Жаңалықтар

Токио-2020: Он үш жастағы жасөспірім Олимпиада чемпионы атанды

ашық дереккөзі

Токио-2020: Он үш жастағы жасөспірім Олимпиада чемпионы атанды

Он үш жастағы жапондық Нисия Момидзи Токиода өтіп жатқан Жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет енгізілген скейтбордингтен Олимпиада чемпионы атанды. Екінші орынды бразилиялық Раисса Леал иеленсе, қола жүлдені тағы бір жапондық скейтбордшы Фуна Накаяма місе тұтты. Айта кетейік, скейтбордингтен бөлек Токиодағы Олимпиадада серфинг, каратэ, спорттық құзға өрмелеу секілді спорт түрлерінен де сайыстар алғаш рет өтеді.