Олимпиада жүлдегерлеріне маска шешуге рұқсат етілді

Олимпиада жүлдегерлеріне маска шешуге рұқсат етілді

Олимпиада жүлдегерлеріне маска шешуге рұқсат етілді
ашық дереккөзі

Токиодағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне Олимпиада ұйымдастырушылары марапаттау рәсімінде суретке түсу кезінде 30 секундқа масканы шешуге рұқсат етті.

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әнұран аяқталғаннан кейін спортшыларға ең көп дегенде 30 секундқа маска шешуге болатыны туралы белгі беріледі. Бұл кезде жүлдегерлер бұрынғыша әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек болады. Бұдан кейін олимпиадашыларға масканы қайта тағу керектігі жөнінде тағы бір белгі беріледі. Сол кезде маска таққан жеңімпаздармен олардың тұғырында суретке түсуге рұқсат етілмек.