«Осымен нүкте қояйық...»: Видеограф Қыран Талапбек жеке өмірі туралы айтты

«Осымен нүкте қояйық...»: Видеограф Қыран Талапбек жеке өмірі туралы айтты

«Осымен нүкте қояйық...»: Видеограф Қыран Талапбек жеке өмірі туралы айтты
ашық дереккөзі

Қыран Талапбектің есімі қазақша контент жасап жүрген жастар арасында жақсы таныс. Жарты жылдан бері оның шығармашылығынан гөрі жеке өмірі ел аузында жүр. Ол көпшіліктің талқысында жүрген сұраққа «Төртеу түгел болса» бағдарламасында жауап берді.   

– Соңғы жылдары өмірім шытырман оқиғаға толы болды. Жеке өмірімді жария еткім келмейді. Бірақ халықтың назарындағы адам болғандықтан, осы жерде айтып, нүктесін қояйын. Үйлендім – ажырастым. Отбасын құрып, тату-тәтті тұрып кете алмадық. Айжұлдызбен үш жыл қыз-жігіт болып араластық. Бақытты кездер еді. Қазақтың жөн-жоралғысымен ұзатылып, отбасыма келін болып түсті. Көп ұзамай арамыз суып, екіге кеттік. Шаңырағымыз шайқалғаннан кейін, халықтың пікірі де екіге бөлінді. Ұлым дүниеге келгеннен кейін, жағдай тіпті ушықты. Сол кезде Айжұлдызды ойлап, іштей уайымдағаным рас. Жаңа босанған келіншек болғандықтан, күйзеліске түсетіні анық. Халық мені қаралап, оған тиіспесе екен деп тіледім. «Қыран баласынан бас тартыпты» деген әңгіме де шықты. Жоқ, мен ешқашан баламнан бас тартқан емеспін. Бала өмірінде әкенің тәрбиесі өте ерекше әрі маңызды. Мен оны жақсы білемін. Болашақта балама қамқор болып, азамат етіп тәрбиелегім келеді. Айжұлдызды құрметтеймін, себебі ол – баламның анасы. Осымен жеке өмір туралы әңгіме бітті. Ер азамат болып, өсек-аяң ортасында жүрген ұят екен, – деді жас режиссер.