Сайлау – 2021: Алғаш рет дауыс берді

Сайлау – 2021: Алғаш рет дауыс берді

Сайлау – 2021: Алғаш рет дауыс берді
ашық дереккөзі
Сайлаушылардың арасында кәмелет жасқа толып, алғаш рет дауыс беріп жатқандар да бар. Бір жарым ай бұрын 18 жасқа толған Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылдық округінің тұрғыны Мафтуна бүгін ерекше күн екенін атап өтіп, сайлауға алғаш рет қатысқанын айтты.
«Сайлауға қатысуға болатынын естігенде қатты қуандым. Өйткені саяси науқанға қатысу, ауыл өмірін жақсартуға үлес қосу арманым болатын. Сайлауға келмес бұрын әкім болуға ниетті қос үміткердің де сайлауалды тұғырнамасымен танысып шықтым. Сонымен қатар қос үміткердің осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын екшеп, өз таңдауымды жасадым. Менің дауысым елдің, ауылымның дамуына үлес қосып жатса қуанышым шексіз» – дейді бойжеткен.