Түске дейін ауыл тұрғындарының 44 пайызы дауыс берді – бақылаушы

Түске дейін ауыл тұрғындарының 44 пайызы дауыс берді – бақылаушы

Түске дейін ауыл тұрғындарының 44 пайызы дауыс берді – бақылаушы
ашық дереккөзі

Барлық өңірде саяси ісшара ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Тарихи ісшараға үлес қосқан халықтың ықыласы ерекше. Солардың бірі – Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақсуат ауылдық округіне қарасты Пойма ауылының №353 сайлау учаскесі. Бақылаушы Ақжан Мерғалиева сайлау науқанының қалай өтіп жатқанын айтып берді.

– Менің бақылаушы болғаныма екі жылдан асты. Бүгін «Nur Otan» партиясының атынан байқаушымын. Әкім – шаруашылықтың ғана адамы емес. Ол идеолог екенін де ұмытпауға тиіспіз. Бір сөзбен айтқанда, ауыл әкімдері – Мемлекет басшысының сарбаздары. Солардың арқасында мемлекеттің ұстанған саясаты халыққа жетеді. Түске дейін халықтың 44 пайызы дауыс берді. Сайлауда әр тұрғынның дауысы маңызды. Таңмен таласып, тірліктерін біржақты етіп, науқанға белсенділік танытып жатыр. Қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты біздің учаскеде бір медбике сайлаушылардың дене қызуын өлшеп, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Карантин талаптарына сай өтіп жатыр. Мүгедектігі бар тұлғалар мен егде тартқан қарттар үйден дауыс беруі қарастырылған. Оларға арнайы мөр басылған жәшік дайындалып қойды. Бұл жұмыс комиссия мүшелеріне тапсырылған, сондықтан жауапкершілікпен қарайды деп сенеміз. Ауыл тұрғындарының белсенділігін көріп, ел үмітінің ақталатынына сенім мол, – дейді бақылаушы.