Сайлау науқанынан жастар да тыс қалған жоқ – бақылаушы

Сайлау науқанынан жастар да тыс қалған жоқ – бақылаушы

Сайлау науқанынан жастар да тыс қалған жоқ – бақылаушы
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Қызан ауылының Орталық көшесінде орналасқан №180 сайлау учаскесінің бақылаушысы Анар Танашева сайлауға жасы үлкендерден бөлек, жастардың да белсенді қатысып жатқанын айтады.  width=
«Учаскеге ең алғаш болып 64 жастағы Селбаев Дүйсен ағамыз келіп, ауылдың болашағына бейжай қарамайтынын айтып, таңдау жасап, сайлауға қатысып жатқан үміткерлерге сәттілік тіледі. Қазірге дейін учаскеге келіп, дауыс бергендердің саны – 404. Таңертеңнен бері дауыс беруге келіп жатқан адамдардың көптігін көріп, тұрғындардың ел болашағына расымен бейжай қарамайтынына көзіміз жетті. Айта кетерлігі, әдетте «Сайлауға жастар бармайды» деп айтып жатады ғой, бірақ учаскеге жасы үлкендермен қатар, жастар да көптеп келіп жатыр. Жастар да тыс қалған жоқ» – деді бақылаушы.