Ауыл әкімдерін сайлау – демократияның жарқын белгісі

Бүгін еліміздің тарихында тұңғыш рет ауыл әкімдері халықтың таңдауымен сайланып жатыр.

Мемлекет дамуы үшін маңызы бар бұл сайлауда Түркістан облысы бойынша 16 аумақтан жалпы саны ауыл әкімі болуға 166 үміткер тіркеліп, саяси додаға қатысып жатыр. Атап айтсақ, облыстағы учаскелер саны 241болсағ осы учаскелерде 265 146 адам өз таңдауын жасауда. Соның ішінде бүгінгі күні Келес​ ауданындағы аудан орталығы Абай ауылы және 4 ауылдық округте (Қошқарата, Жүзімдік, Бірлік және Алпамыс батыр) ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде. Аудандағы аталған ауыл және ауылдық округтердің әкімі лауазымына жалпы 15 кандидат партиялар тарапынан және өзін-өзі ұсынған азаматтар тіркелген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу керектігін айтқан болатын. Президент атап өткендей, бұл науқан саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді, сондай-ақ, жүргізіліп жатқан реформалардың дәйектілігін және тиімділігін көрсетеді.

91cbeffb b2a3 485f af09 64df9329b621

Шын мәніндегі демократиялы мемлекет екендігіміздің жарқын белгісі десек, артық айтқандық емес. Мемлекет басшысының осы бір тапсырмасы бүгінде толығымен орындалды деуге негіз бар.

Бүгінгі күні Түркістан облысы Келес​ ауданында аудан орталығы Абай ауылы және 4 ауылдық округте (Қошқарата, Жүзімдік, Бірлік және Алпамыс батыр) ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде. Аудандағы аталған ауыл және ауылдық округтердің әкімі лауазымына жалпы 15 кандидат партиялар тарапынан және өзін-өзі ұсынған азаматтар тіркелген.

Аудандағы сайлау өтетін 5 ауыл округіндегі барлық сайлау учаскелеріне байқаушылар мен сенімді өкілдер жіберіліп сайлаудың демократиялық талап-тілектерге сай, мейлінше әділетті өтуіне, қандай да бір арандатуды болдырмауға күш салуда.

Байқаушылардың міндеті – арандатуға жол бермеу, заң үстемдігін қамтамасыз етуге күш салу, яғни түптеп келгенде елдің бірлігі мен берекесіне қызмет ету. Байқаушы деген атында тұрғандай, құзырлы сайлау комиссияларының мүшелерінің жұмысына кедергі болмай, байқап-бақылау.

Аудандағы барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылар легі толассыз келіп, ашық та айқын дауыс беруде.

a32d4e4a 9cca 4c01 95fc 9b09e9b6dbc9

Осы тұрғыда Түркістан облысы, Келес ауданының Қошқарата ауылдық округінің Бесқұбыр елдімекеніндегі №339 сайлау учаскесінің бақылаушысы Қуанышбаев Есберген өтіп жатқан сайлауға қатысты былай деп пікір берді:

 

«Ауыл әкімдерін сайлау демократияның жарқын белгісі. Сондықтан бұл сайлаудың мемлекет дамуы үшін айтарлақытай орны болады деп ойлаймын. Сайлау учаскесінде пандемияға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалып отыр. Қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Келушілерге де талаптарға сәйкес қызмет көрсетілуде. Ала таңнан бері қарап тырмын, ешқандай заң бұзылып жатқан жоқ және де барлык карантиндік нормалар сактаулы заң бұзушылық байқалмады және де болмайды деген үміттемін. Сондықтан сайлау әділ жане заңды өтетініне сенімдімін. Жалпы бұл сайлаудың ерекшелігі, ауыл әкімін таңдағанда ауыл тұрғындары өздері сенім артатын, қалаған үміткерге дауыс бере алады.

Ауыл тұрғындары өздерінің ой пікірлерін, әлеуметтік жағдайларын және де басқа жағдайларды өздері сеніп сайлаған ауыл әкіміне жеткізе алады және орындалуын қадағалай алады. Сондықтан олар өздерінң таңдаы бойынша дауыс береді. Барлықтарыңызға өз үміткерлеңізге дауысберуге шақырамын», – деді.

Тельман БЕЙСЕНОВ

Back to top button