Сайлау – 2021: Атырау облысындағы учаскелерде 125 байқаушы тіркелген

Атырау облысында 18 әкім сайланады. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Атырау облыстық аумақтық сайлау комисиясының төрағасы Азамат Айманақұмов мәлімдеді.

Сағат 10-дағы мәлімет бойынша, 16 пайыздан астам халық таңдауын жасады.

Жалпы, өңірде 18 әкім сайланады. Оның ішінде Атырау қаласы бойынша 2 әкім, Жылой – 2, Индер – 2, Исатай – 1, Құрманғазы – 6, Қызылкөген – 1, Махамбет ауданында 4 әкім сайланады.

Санитарлық талаптардың сақталуы мен қоғамдық тәртіпті қадағалауға баса мән берілген. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары, науқан қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Арыз-шағым тіркелмеген.Қазіргі кезде учаскелерде 125 байқаушы тіркелген.

Back to top button