Жаңалықтар

Болат Қалиев: Ауыл әкімін сайлау – азаматтық қоғамның көрінісі

ашық дереккөзі

Болат Қалиев: Ауыл әкімін сайлау – азаматтық қоғамның көрінісі

 Бүгін елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Бұл маңызы бар саяси ісшара. Сайлаудың бас-қасында жүрген сарапшылар да, белсенді азаматтар да халықтың саяси сауатының көтерілгенін айтады.  Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау науқаны басталды. Бұл демократия тұрғысынан даму бағытының қадамы. Халықтың белсенділігі жоғары. Жеке көзқарасымды айтатын болсам, оған басты үш себеп бар. Біріншісі, ауыл әкімі болуға үміткерлер нақты ауылдың мәселесін көтеріп, ауыл тұрғындарына өздерінің бағдарламаларын ұсынып, халыққа жақындай түсіп жатыр. Екіншісі, ауыл азаматтары тағы бір мәрте сайлау науқанына қатысып, дауыс берудің маңыздылығын түсінді. Үшіншісі, біз секілді партиялық емес байқау орталығының белсенді азаматтары да  бақылаушылар  қатарына қосылды. Олардың заңнама мен әдістемелік тұрғысынан дайындығы еліміздегі азаматтық қоғамның деңгейін көтеретіні анық. Ауыл әкімін сайлау – азаматтық қоғамның көрінісі. Жаңа әкім жаңалықпен келетіні белгілі. Ең бастысы, ауыл мәселесін шешетін нақты әрі жүйелі жоспары бар менеджер келсе дейміз. Мемлекет басшысы да өте маңызды даму кезеңін жүзеге асырып жатқанымызды айтқан болатын. Кез келген сайлау – демократия дамуының алғышарты.