Дауыс беруге келген халықтың белсенділігі сағат санап артуда – бақылаушы

Дауыс беруге келген халықтың белсенділігі сағат санап артуда – бақылаушы

Дауыс беруге келген халықтың белсенділігі сағат санап артуда – бақылаушы
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық ауылдық округіндегі № 176 сайлау учаскесінің бақылаушысы Шүкір Жетпісбаев аталған елді мекенде елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің сайлауының қалай басталғанын айтып берді.  width=
«Мен бақылау жасайтын сайлау учаскесіне 823 адам тіркелген, солардың 50-ге жуығы бір сағаттың ішінде дауыс берді. Осыдан-ақ дауыс берушілердің белсенділігі жоғары екенін аңғаруға болады. Қазір дауыс беруге келген адамдардың көптігі соншалық, тіпті ұзын-сонар кезекте тұр. Дауыс беруге келген халықтың белсенділігі сағат санап артуда. Айта кетерлік жайт, сайлау барысында барлық санитарлық талаптар сақталып, арнайы мамандар келушілердің дене температурасын өлшеп, тексеруден өткізіп жатыр», - дейді бақылаушы.