Сайлау – 2021: Ақмола облысында 292 үміткер сайлауға түскен

Ақмола облысында бүгін 95 ауыл мен ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала мен кенттің әкімі сайланады. Бұл туралы Ақмола облысы ОКҚ алаңында өткен брифингте айтылды.

Аймақта әкім болуға 292 азамат үміткер болып отыр, сайлаушылар саны 12 мыңға жуықтайды. Халықтың белсенділігі енді қарқын алып келеді. Ешқандай ереже бұзу тіркелмеген.

Сайлау учаскелеріндегі санитарлық талаптардың сақталуы туралы аймақтың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина айтып өтті.

Back to top button