Сайлау – 2021: Түркістан облысында алғашқы болып 86 жастағы қария дауыс берді

Бүгін елімізде әкімдерді сайлау науқаны басталды. Халық қалаулысын таңдау 14 облыс бойынша 1 847 сайлау учаскесінде өттіп жатыр. Бақылаушылардың сөзінше, халықтың белсенділігі жоғары. Түркістан облысы Арыс ауданы Монтайтас ауылы, Б.Онтаев көшесінде орналасқан №20 сайлау учаскесіне дауыс беруге алғашқы болып 86 жастағы қария барған.

Түркістан облысы Арыс ауданы Монтайтас ауылы, Б.Онтаев көшесінде орналасқан №20 сайлау учаскесінде дауыс беру басталып кетті. Бірінші болып 86 жастағы Сапарбеков Үсіпбек атамыз келді. Қария ел болашағына бей-жай қарамайтынын айтып, өз таңдауын жасады. Үміткерлерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді, – дейді бақылаушы Бағлан Жаманбаев.

Back to top button