Алматы облысында 13 жастағы қыз өгей әкесінің қолынан қаза тапты

Алматы облысында 13 жастағы қыз өгей әкесінің қолынан қаза тапты

Алматы облысында 13 жастағы қыз өгей әкесінің қолынан қаза тапты
ашық дереккөзі

Талғарда 13 жастағы қыз өгей әкесінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Қайтыс болған қыздың анасы таңертең өгей әкесімен бірге үйде қалған қызына хабарласа алмаған. Алаңдап, үйіне барған. Бірақ есікті аша алмаған. Көршілер есікті бұзуға көмектесіпті. Ал үйден қыздың денесі табылды. Денесінде зорлық-зомбылық іздері бар. Қылмыскер қашып кеткен, бірақ Алматыда ұсталды, деп жазылған kris_p_talgar парақшасында. Облыс полициясы Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны 13 жастағы өгей қызын өлтірді деген күдікпен қамауға алынғанын растады.
23 шілдеде Талғардың жеке үйлерінің бірінен зорлықпен өлім белгілері бар 13 жастағы қыздың денесі табылды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іс-шаралар өткізіп, аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген қыздың 47 жастағы өгей әкесін анықтады. Белгілі болғандай, ер адам қыздың анасымен азаматтық некеде болған, - деп атап өтті ведомствода.