Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға өте алмады

Қазақстандық суға жүзуші Дмитрий Баландин Токиода өтіп жатқан Жазғы олимпиада ойындарының 100 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында жартылай финалға өте алмай қалды.

Барлығы жеті спортшы қатысқан бұл жарыста Дмитрий Баландин межеленген қашықтықты 59,75 секундта жүзіп өтіп, алтыншы орынға табан тіреді. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш оған жартылай финалға өтуге мүмкіндік бермеді.

Айта кетейік, Дмитрий Баландин Токиода бұдан бөлек 27 шілде күні 200 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында ел намысын қорғайды. Естеріңізде болса Дмитрий Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Жазғы олимпиада ойындарында дәл осы сайыста топ жарып, жеңімпаз атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын.

Back to top button