Елдос Сметов – Жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесін ұтып алды.

Айта кетейік, Елдос ширек финалда жапондық дзюдошы Наохиса Такатодан жеңіліп қалған болатын. Алайда қола жүлде үшін таласта ол Нидерланд спортшысы Торнике Чакадуаны жеңді. Осылайша, ол Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде салды.

Back to top button