Токио-2020: Тағы бір спортшымыз жеңіліп қалды
Токио-2020: Тағы бір спортшымыз жеңіліп қалды
Токио Олимпиадасында Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан тағы бір теннисші Александр Бублик аса тартысты кездесуде ресейлік спортшыдан жеңіліп қалды.
Ресейлік Даниил Медведев пен қазақстандық теннисші арасындағы ойын 1 сағат 38 минутқа созылды. Бірінші сет 6:4 есебімен ресейліктің пайдасына шешілсе, екінші сетте таразы басы 64 минут бойы теңселіп тұрды. Ақыры ресейлік спортшы жалпы есепте 6:4 және 7:6 есебімен басымдық танытты. Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина аустралиялық теннисшіден айласын асырып, жарыстың келесі кезеңіне өткен болатын. Бірінші айналымда оның қарсыласы аустралиялық Саманта Стосур болды. 1 сағат 10 минутқа созылған сайыста қарсыласынан 6:4 және 6:2 есебімен басым түскен қазақстандық тениисші жарыстың келесі раундына шықты.