Галбадрах Отгонцэцэгтің жеңіліп қалғанын бапкері оның жарыс тәжірибесінің аздығымен түсіндірді

Галбадрах Отгонцэцэгтің жеңіліп қалғанын бапкері оның жарыс тәжірибесінің аздығымен түсіндірді

Галбадрах Отгонцэцэгтің жеңіліп қалғанын бапкері оның жарыс тәжірибесінің аздығымен түсіндірді
ашық дереккөзі
Дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэгтің Токио Олимпиадасындағы жеңілісіне байланысты жеке бапкері пікір білдірді, деп хабарлайды 24.kz. «Маңызды жарысқа бірнеше жаттығу жиындарынан өтіп, жақсы дайындықпен келдік. Алайда, Олимпиада ойындарына дейінгі жарыс тәжірибесінің аздығы бүгін өз нәтижесін көрсетті», - дейді дзюдошының жеке жаттықтырушысы Дашжамцын Энхбаатар.  Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында дзюдо бәсекесі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 48 келіге дейінгі, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.  Әйелдер арасында сынға түскен қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг бірінші кездесуде қытайлық спортшыдан ұтылып қалды.