Елдос Сметов Токио Олимпиадасында қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға шықты

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты деп хабарлайды Olympic.kz.  

60 келі салмақта сынға түсетін Сметов ширек финалда Оңтүстік Корея намысын қорғаған Ким Вон Джунмен кездескен болатын.  Белдесу барысында Елдос алдымен «ваззари», кейін «иппон» ұпайын еншілеп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Енді Елдос Олимпиаданың жартылай финалында белдеседі. Оның қарсыласы – жапондық Наохиса Такато.

Back to top button