24 шілдеден бастап Тәжікстандағы «Бахри Точик» су қоймасынан Қазақстанға тағы су жіберіледі

24 шілдеден бастап Тәжікстандағы «Бахри Точик» су қоймасынан Қазақстанға тағы су жіберіледі

24 шілдеден бастап Тәжікстандағы «Бахри Точик» су қоймасынан Қазақстанға тағы су жіберіледі
ашық дереккөзі
Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Маминның Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесу кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі.  Үкімет басшылары сауда-экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, транзиттік-көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. Тараптар Тәжікстан Республикасы биылғы 24 шілдеден бастап Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан тараптары 2021 жылғы 16 маусымда қол қойған хаттамада келісілген көлемдерден артық 50 м³/с шығынмен «Бахри Точик» су қоймасынан Қазақстан Республикасына қосымша су жіберуді бастайды деп уағдаласты.