Қайрат Нұртастың Алакөлдегі концерті: Санитар дәрігерлер ешқандай ереже бұзылмағанын айтады

Қайрат Нұртастың Алакөлдегі концерті: Санитар дәрігерлер ешқандай ереже бұзылмағанын айтады

Қайрат Нұртастың Алакөлдегі концерті: Санитар дәрігерлер ешқандай ереже бұзылмағанын айтады
ашық дереккөзі

Әнші Қайрат Нұртас Алакөлде концертін өткізді, оған жиналған халықтың да қарасы қалың. Ол концерттен өзінің Instagram парақшасында бейнежазба да жариялады. Бұл оқиғаға кей адамдар наразылық білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу жүргізіп, карантин талаптары бұзылмағанын мәлімдеді.

Үржар ауданы әкімдігінің мониторинг топтарынан alazone arena концерттік аренасының қызметіне, сондай-ақ Алакөлде демалушылардан шағым мен өтініш түскен жоқ, - деп хабарлады ШҚО ССК.
Баспасөз қызметі ШҚО бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне 20 пайыздан аспайтын, ал Ashyq жобасына қатысатын объектілерге 40 пайыздан аспайтын көлемде рұқсат етілгенін түсіндірді. Қайрат Нұртастың концерті өткен Alazone arena алаңы Ashyq жобасына тіркелген көрінеді.