Цой қызметтен кете ме?

Цой қызметтен кете ме?

Цой қызметтен кете ме?
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "өз еркіңізбен отставкаға кетуге дайынсыз ба?" деген сауалға жауап берді.  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға соңғы кездері жиі сынға ұшырап жүргенін, мұндай жағдай қайталана берсе отставкаға кетуге дайындығы жайлы сұрақ қойылды. Министр мырза сауалға былай деп жауап берді.  «Өкінішке қарай, пандемия жаппай барлығына ықпал етіп жатыр. Министрліктің де бар күші коронавирус инфекциясымен күреске бағытталған. Бүкіл қызметкерлеріміз іс жүзінде тәулік бойы жұмыс істеуде. Егер еліміздің басшылығы басқа мамандарды тартуды дұрыс деп ұйғарса, біз әрдайым дайынбыз. Қазір біз тікелей жұмысымызға кірісіп кеттік, басқасына уақыт жоқ. Біз азаматтарымызды құтқарумен айналысып жатырмыз», – деді Алексей Цой.