«Вирус қайда кетті?»: Алакөлде өткен аншлаг концертке халық наразы

«Вирус қайда кетті?»: Алакөлде өткен аншлаг концертке халық наразы

«Вирус қайда кетті?»: Алакөлде өткен аншлаг концертке халық наразы
ашық дереккөзі
Жаз басталғалы еліміздегі эстрада әншілері Алакөл демалыс орнында концерт қойып жатыр. Ғазизхан Шекербек пен Мадина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас, Нұрболат Абдуллин, Айқын алакөлдіктерге әннен шашу шашты. Карантинге қарамай, көрермен лық толған алаңды Қайрат Нұртастың инстаграм парақшасынан көруге болады. Сахнада әнші репертуарындағы танымал әндердің бірі «Сұранамынды» орындап тұр. – Карантин кезінде халықты жинап концерт ұйымдастырған әкімдік те, ақша үшін ән айтуға келген әншілер де кінәлі, – дейді тұрғындар. Олар өңірдегі эпидемиялық жағдайдың өршіп кетуінен қауіптенеді. Видеода көрермен карантин талаптарын сақтамақ түгілі маска тақпағандарын анық көруге болады. Карантин күшейіп, барлық өңір «қызыл» аймақта қалғанда, халықтың концертке жиналғаны көптің ашуын тудырды. Еске салсақ, короновирус індеті бойынша былтырдан бері ауырған науқас саны – 59150 жетсе, оның 3585-ін ажал құшты. Жазылып шыққан науқас саны – 53780-ге жеткен.