"Маған дауыс берсеңіздер, өз өмірімді жақсартамын": Ауыл әкімі болуға үміткердің видеосы әзілге айналды

ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Ерейментау қаласының әкімі болуға үміткер Сапар Барлыбаевтың видеосы тарап кетті.
«Егер біз дұрыс таңдау жасасақ, маған дауыс берсеңіздер, мен өз өмірімді жақсы жаққа өзгертуге тырысамын», – деген әкімнің сөзі әзілге айналды.
[video width="832" height="416" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2021/07/whatsapp-video-2021-07-23-at-15.33.47.mp4"][/video] Кейіннен үміткер сөзінен жаңылысқанын жеткізді.
“Кез келген адам қателесуі мүмкін. Тіпті министрлер мен президенттер де сөзінен жаңылып қалып жатады. Біз БАҚ алдында сөйлеуге дағдыланбағанбыз. Мен қаланы көркейтіп, тұрғындардың өмірін жақсы жағына өзгертеміз деп айтқым келген. Сөйлемнің жалғасы болған. Мен бұған әзіл ретінде қараймын. Бастапқыда біртүрлі болдым, бірақ танымалдылығым артты. Мен ешқашан YouTube жұлдызы болмаын деп ойлаған емеспін”, – дейді Сапар Барлыбаев.