Оралда полицейлер өзеннен мәйіті табылған әйелдің туыстарын іздеп жатыр

Оралда полицейлер өзеннен мәйіті табылған әйелдің туыстарын іздеп жатыр

Оралда полицейлер өзеннен мәйіті табылған әйелдің туыстарын іздеп жатыр
ашық дереккөзі

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 21 шілде күні Затон ауданындағы Чапаев өзенінен белгісіз әйелдің мәйіті табылған.

– Әйелдің жасы-шамамен 60-65-те, бойы - 150-155 сантиметр. Ол қара футболка, қара бриджи, қара шұлық, басына гүлді ақ шарф таққан. Оның туыстары туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз, - деп хабарлады полицейлер.