Оралда полицейлер өзеннен мәйіті табылған әйелдің туыстарын іздеп жатыр

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 21 шілде күні Затон ауданындағы Чапаев өзенінен белгісіз әйелдің мәйіті табылған.

– Әйелдің жасы-шамамен 60-65-те, бойы – 150-155 сантиметр. Ол қара футболка, қара бриджи, қара шұлық, басына гүлді ақ шарф таққан. Оның туыстары туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз, – деп хабарлады полицейлер.

Back to top button