Алматыдағы әскери институттың курсанты оқ жарақатын алды

Алматыдағы әскери институттың курсанты оқ жарақатын алды

Алматыдағы әскери институттың курсанты оқ жарақатын алды
ашық дереккөзі

Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсантына сабақ кезінде оқ тиіп, жарақат алды. Ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпаратқа байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды. 2021 жылғы 20 шілдеде Құрлық әскерлерінің Әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік сабақтары барысында курсанттардың бірі қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзу себебінен еріксіз автоматты түрде оқ атылды. Оқ басқа курсанттың аяғына тиген", - деп жазылған Қорғаныс министрлігінің Telegram-арнасындағы хабарламада.
Ведомство мәліметінше, курсант жедел түрде Алматы қаласының әскери клиникалық госпиталіне жеткізілген.
"Курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Қазір факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.