Алматы облысында судья 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматы облысында судья 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматы облысы Ұйғыр аудандық сотының судьясы Сүлейменовке қатысты соталды тергеу аяқталды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, 9 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Сүлейменов орман шаруашылығының директоры Юлдашовтан өзі шығарған ақтау үкімін күшінде қалдырғаны үшін облыстық судьяларға беремін деп 12 миллион теңге сомасында ақша алды деп күдікке ілінген. Алайда облыстық сот Юлдашовқа айыптау үкімін шығарды. 2021 жылдың 22 шілдесінде Талдықорған қалалық сотымен Сүлейменов 9 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды", - деді Биғайдаров брифингте.
Осы үкім бойынша Юлдашов пара беруге оқталғаны үшін және Имиров пара беруге қатысқаны үшін 8 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды.