Бірқатар компания құрылыс материалдарының бағасын төмендетуге мәжбүр болды

Бірқатар компания құрылыс материалдарының бағасын төмендетуге мәжбүр болды

Бірқатар компания құрылыс материалдарының бағасын төмендетуге мәжбүр болды
ашық дереккөзі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері құрылыс материалдарының 25 нарығына талдау жасайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл туралы Forbes.kz жазды. 2021 жылғы 1 маусым мен 15 шілде аралығында АЗРК өңірлік монополияға қарсы департаменттері құрылыс материалдарының 13 түрі (арматура, кірпіш, табақ шыны, бетон, бетоннан жасалған қабырға блогы, цемент, кабель, профлист, қадалар, жабын плитасы, полиэтилен құбырлары, минплит, газ блоктары) бойынша құрылыс материалдарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілерге 700-ге жуық сұрау жіберді. Сондай-ақ, 16 шілдеден бастап құрылыс материалдарын өндірушілерге 349 жаңа сұраныс жіберілді. Нәтижесінде мемлекеттік орган заң бұзған компанияларға бағаны төмендету қажет екені туралы 57 хабарлама шығарған.