Павлодарда жұмысшыны тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті

Павлодарда кәсіпорындардың бірінде жұмысшыны тоқ соқты. Ер адамды күйік шалған және жарақат алған, – деп жазды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға қалалық ЖШС-нің бірінде орын алған. 32 жастағы дәнекерлеуші кәсіпорын аумағында дәнекерлеу жұмысын жүргізіп жатқан кезде зардап шеккен. Ер адам ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасы жұмысшының жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

– Жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы және электрошок диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты. ПТР-тест нәтижесінен кейін бейінді бөлімшеге ауыстырады, – деді басқармада.

Back to top button