Демалыс күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды

Демалыс күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды

Демалыс күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды
ашық дереккөзі
City Transportation Systems көлік компаниясы демалыс күндеріндегі автобус қозғалысына қатысты мәлімет таратты. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды. Сенбі және жексенбі, 24-25 шілде күндері қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. «Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды» деп ескертеді көлік компаниясы. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.