Мұрат Баймұқашев Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Мұрат Баймұқашев Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Мұрат Баймұқашев Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлады Ақорда. Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев 1967 жылы 23 мамырда дүниеге келді. 1994 жылдан бастап құқық қорғау органдарында жұмыс істейді. Ішкі істер органындағы жұмысын жол полициясының патрульдік қызметі батальонының инспекторы лауазымынан бастады. 1997 жылдан бастап ҚР ІІМ жол полициясы басқармасында жұмыс істеді, сонымен қатар министрліктің орталық аппаратының департаменттері мен бөлімдерін басқарды. 2009 – 2019 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде басшылық лауазымдарда, соның ішінде алты жылға жуық қорғаныс және құқық қорғау бөлімінің бастығы болды. 2019 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдың наурызынан ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.