Қазақстаннан қандай елдерге ұшуға болады?

Қазіргі уақытта әлемнің 16 еліне 44 бағыт бойынша аптасына 184 рейс орындалады, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Олар:

  • Түркия – аптасына 52 рейс;
  • БАӘ – аптасына 31 рейс;
  • Өзбекстан – аптасына 32 рейс;
  • Ресей – аптасына 10 рейс;
  • Грузия – аптасына 12 рейс;
  • Қырғызстан – аптасына 9 рейс;
  • Беларусь – аптасына 8 рейс;
  • Украина – аптасына 5 рейс;
  • Германия – аптасына 9 рейс;
  • Тәжікстан – аптасына 2 рейс;
  • Оңтүстік Корея – аптасына 2 рейс;
  • Египет – аптасына 2 чартерлік рейс;
  • Нидерланды – аптасына 1 рейс;
  • Черногория – аптасына 7 рейс;
  • Польша – аптасына 1 рейс;
  • Армения – аптасына 1 рейс.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.

Back to top button