Air Astana Skytrax COVID-19 рейтингінде 5 жұлдызға ие болды

Air Astana Skytrax COVID-19 рейтингінде 5 жұлдызға ие болды

Air Astana Skytrax COVID-19 рейтингінде 5 жұлдызға ие болды
ашық дереккөзі
Air Astana әуекомпаниясы Skytrax-тың COVID-19 таралуын болдырмау бойын­ша сертификациясынан өтті. 2021 жылы мамыр-маусымда болған аудит пандемия жағдайында Нұр-Сұлтан мен Алматы қала­ларындағы Air Astana нысандарындағы денсаулықты қорғау мен тазалық шараларына талдау жасады. Тазалау мен дезинфекция реті, жеке гигиена құралдарының стан­дарт­тары мен қолдану ережелерінің сақ­талуы, ақпараттық-танымдық бел­гілер мен дезинфекциялау құралдарының болуы, әлеуметтік арақашықтықтың сақ­талуы мен рейске тіркелу, қону мен ұшу кезінде санитарлық бетперделерді қолдану бағаланды. «Пандемияның алғашқы күнінен бері Air Astana жолаушылардың ден­сау­лығын қорғау мақсатында барлық қажет шараларды сақтады», – деді Air Astana президенті Питер Фостер. «Бұл міндетті орындаудағы адалдығымыз бү­гінгі Skytrax сертификатын алуы­мыз­ға себеп болды. Бұл жолаушы­лары­мызға ұшар алдында сенімін нықтай түседі деп анық айта аламын». Skytrax-тың Бас директоры Эдварт Плейстед «Air Astana COVID-19 тәуе­ке­лін азайту мақсатында әдістемеге жү­гінеді. Аудит әуекомпанияның борт­тағы гигиена бойынша санитар­лық та­лаптарды сақтау мен пандемия ке­зін­де түзетілген борттағы қызмет көр­сетуді орындағанын ерекше атап өтті» деді. Skytrax COVID-19 рейтингіндегі 5 жұл­д­ызға All Nippon Airways, Qatar Airways, Japan Airlines және басқа да ком­паниялар ие болды. Толық тізіммен сілтемеге өтіп таныса аласыз https://skytraxratings.com/covid-19-airline-safety-ratings. Биыл Air Astana әуекомпаниясы APEX рейтингінде ұшу кезінде COVID-19 таралуын болдырмау және азайту бойынша Diamond деңгейін ие­ленгенін еске саламыз. Бүгінде Air Astana әуекомпаниясы жолаушылардың денсаулық қауіпсіздігі үшін сақтық шараларын толықтай орындайтынын тағы бір рет дәлелдеді.