Тұрғындар кішкентай қызға азғындық жасамақ болған ер адамды сабап тастады (видео)

Тұрғындар кішкентай қызға азғындық жасамақ болған ер адамды сабап тастады (видео)

Тұрғындар кішкентай қызға азғындық жасамақ болған ер адамды сабап тастады (видео)
ашық дереккөзі
Қызылордадағы көпқабатты үйлердің бірінің маңында кішкентай қызға азғындық жасамақ болған ер адамды тұрғындар ұстап алды, - деп жазды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде "педофилдің" ұсталғаны туралы видео тарап жатыр. Видеода бірнеше тұрғын ер адамды педофил деп айыптап, оны камераға түсіріп алған. "Бәрі оның педофил екенін көрсін! Оны (бетін) жабудың қажеті жоқ", - дейді видеодағы әйелдердің бірі. Ер адамның ерсі әрекетін байқап қалған қыздың әкесі полицияға хабар берген. Әйтсе де, тұрғындар тәртіп сақшылары келгенше ер адамды ұстап алып, ашу-ызаға ерік беріп, соққыға жыққан. Қызылорда облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 шілдеде сағат 21.00 шамасында болған. Тұрғындар полицияға "ер адам Бектұрғанов көшесіндегі көпқабатты үй маңында кішкентай қызға азығындық жасамақ болды" деп хабар берген. "Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті ер адам анықталды. Қазіргі уақытта істің нақты мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Қылмыстық істі тергеу Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бақылауында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Almaty/Astana?? (@megapolis.kz)