Елордада коронавирустың 4,5 мың белсенді ошағы тіркелді

Елордада коронавирустың 4,5 мың белсенді ошағы тіркелді

Елордада коронавирустың 4,5 мың белсенді ошағы тіркелді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева қазіргі таңда белсенді ошақтардың саны 4585-ке жеткенін айтты. «Оның ішінде 2871-і үйдегі ошақ. Науқаспен байланыста болғандардың саны – 3122 адам. Вирустың қарқын алуындағы басты себептердің бірі дельта-штамның пайда болуы екенін білесіздер», - деді Данна Пралиева. Сондай-ақ, сарапшы коронавируспен ауырып жатқан елордалықтардың жас құрамы туралы мәлімет берді. «Науқастардың 80 пайызы ересектер, 16,6 пайыз балалар және 2,7 пайызы жасөспірімдер. Ересек науқастарға тоқталсақ, науқастардың 22,6 пайызын 30-39 жас арасындағылар, 40-49 аралсындағы адамдар 13,9 пайызын, 50-59 жас арасындағылар 14,1 пайызын, 18-29 арасындағылар 16,2 пайызын, 60-тан асқандар 137 пайызын құрайды», - деді бас санитардың орынбасары.