Жұмыссыз қалған жігіт бастығынан кек алу үшін полиция жалған ақпарат берген

Жұмыссыз қалған жігіт бастығынан кек алу үшін полиция жалған ақпарат берген

Жұмыссыз қалған жігіт бастығынан кек алу үшін полиция жалған ақпарат берген
ашық дереккөзі
Атырауда жұмыстан шығарылған ақтаулық тұрғын басшысынан кек алу үшін полиция жалған ақпарат берген. Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, 17 шілдеде белгісіз ер адам полицияға құрылысы аяқталмаған зауыт нысанына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. «Полиция қызметкерлері оқиға орнын дереу қоршауға алып, жарылғыш затты залалсыздандыратын мамандар мен иісшіл иттермен тексеруге кіріседі. Алайда, нысан аумағынан жарылғыш зат табылған жоқ. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру жүргізіп, 38 жастағы ер адамның жалған хабар бергенін анықтады. Күдікті Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам бұрын сотты болған. Соңғы 4 жылда Атырауда жұмыс істеген. Өзін жұмыстан босатқаны үшін басшысынан өш алу мақсатында жалған қоңырау шалғанын мойындады», – дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. Қазір жалған ақпарат берген күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, осы өңірде жыл басынан бері терроризм актісі туралы жалған хабар беруге қатысты 2 дерек тіркелген.