Анасын балағаттаған азамат түрмеге қамалды

Анасын балағаттаған азамат түрмеге қамалды

Анасын балағаттаған азамат түрмеге қамалды
ашық дереккөзі
Анасын балағаттаған елордалық 10 тәулікке түрмеге қамалды, – деп хабарлады Полицияның баспасөз қызметі. «Учаскелік инспекторға егде жастағы ана 56 жастағы ұлына шағымданған. Оның айтуынша, ер адам үйге мас күйде келіп, егде жастағы анасымен сөзге келіп, балағат сөздер айтып, психологиялық зорлық көрсеткен. Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, есепте тұрған. Арнайы ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды», - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, елордалық полицейлер 19-23 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шараларын өткізуде.