Тунис жағалауында мигранттар кемесі апатқа ұшырап, 17 адам суға кетті

Тунис жағалауында мигранттар кемесі апатқа ұшырап, 17 адам суға кетті

Тунис жағалауында мигранттар кемесі апатқа ұшырап, 17 адам суға кетті
ашық дереккөзі
Тунис жағалауында болған кеме апатынан кем дегенде 17 адам суға кетті, – деп жазды Reuters агенттігі. Бортта болған мигранттар Жерорта теңізі арқылы Италиядан Ливияға өтпек болған. Қаза тапқандардың барлығы – Бангладеш азаматтары. Жағалау күзеті 380 адамды құтқарған. Reuters-тің жазуынша, кеме Ливияның Зуара портты қаласынан (елдің солтүстік-батысы) бағыт алған. Оның бортында Сирия, Мысыр, Судан, Эритрея, Мали және Бангладеш елдерінен келген мигранттар болған.