ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлердің құрылысы 90 пайызға дайын

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлердің құрылысы 90 пайызға дайын

ЭКСПО аумағындағы тұрғын үйлердің құрылысы 90 пайызға дайын
ашық дереккөзі
Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағындағы тұрғын үйлердің құрылысы 90 пайызға дайын тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев құрылыс барысымен танысты. «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрме аумағындағы тұрғын үйлердің, сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын инвестициялайды. Ауданы 107 мың шаршы метр (1 374 пәтер) 42 тұрғын үй салынды. Үйлерге сыртқы және ішкі желілер қосылды, пәтерлерді ішкі әрлеу, үйлердің қасбеттерін әрлеу аяқталды, аумақты көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғын үй кешендерінде паркингтер, сондай-ақ коммерциялық үй-жайларға арналған аудандар көзделген. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Айта кетейік, көрме кезінде бұл пәтерлер халықаралық қонақтарды орналастыру үшін көрменің ұйымдастырушыларына жалға беріледі. Көрме аяқталғаннан кейін нарықтық талаптармен тұрғын үйлердің сатылуы жоспарланған. «Жалпы ауданы 138 мың шаршы метрді құрайтын сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы аяқталып қалды. Сыртқы коммуникациялар жеткізілді, ішкі желілерді салу, ғимараттың ішкі және сыртқы әрленуі, сондай-ақ іргелес аумақты көріктендіру жөніндегі жұмыстар жүріп жатыр»,-деп хабарлап отыр дереккөз. Компанияның ақпаратына сүйенсек, көрме аумағындағы тұрғын үйлер мен сауда-ойын сауық орталықтары 2016 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берілу керек.