Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Танымал америкалық журналист Дэн Рафаэль Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Муратаның (16-2, 13 КО) жекпе-жегі бойынша келіссөздер туралы жаңа ақпаратпен бөлісті, - деп жазды Sports.kz. Бастапқыда Головкин - Муратаның жекпе-жегі 31 желтоқсанда Токиода Tokyo Dome аренасында өтеді деп жоспарланған болатын, алайда бұл жекпе-жек басқа күнге және басқа жерге ауыстырылуы мүмкін. «Келіссөздер жүріп жатыр, олар шарттарды талқылау сатысында, ал лагерьлер арасында түзету туралы ұсыныстар бар», - делінген дереккөздерде. «Жекпе-жек 28 желтоқсанда Токиодан тыс Сайтамада Saitama Super Arena-да өтеді», - деп жазды Рафаэль.