Жаңалықтар

«Димаштың жанкүйерлері сорпа жасап әкелді»: Рухия Байдүкен «Славян базары-2021» байқауындағы қызық оқиғасын айтып берді

ашық дереккөзі

«Димаштың жанкүйерлері сорпа жасап әкелді»: Рухия Байдүкен «Славян базары-2021» байқауындағы қызық оқиғасын айтып берді

«Славян базары-2021» халықаралық өнер фестивалінің гран-при иегері Рухия Байдүкенова Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді. «Славян базарының» іріктеуіне үш жыл қатарынан барғанмын. Алғаш барғанда ұйымдастырушылар маған «арықта» деп айтты. Ол кезде салмағым 95 келі еді. Екінші рет барғанымда да бағым жанбады, жұлдызды сәтім болмады. Үшінші жылы іріктеуге қатысу-қатыспауды ойлап жүргенде, Димаш Құдайберген қатысып көр деп ұсыныс жасады. Осылайша, Роза Рымбаева бастаған әділ қазылар алқасы маған еліміздің атынан өнер көрсетуге жолдама берді», – деді жас әнші. Сонымен бірге, Рухия Байдүкен «Славян базары-2021» байқауының қалай өткенін айтып берді.