«Димаштың жанкүйерлері сорпа жасап әкелді»: Рухия Байдүкен «Славян базары-2021» байқауындағы қызық оқиғасын айтып берді

«Димаштың жанкүйерлері сорпа жасап әкелді»: Рухия Байдүкен «Славян базары-2021» байқауындағы қызық оқиғасын айтып берді

«Димаштың жанкүйерлері сорпа жасап әкелді»: Рухия Байдүкен «Славян базары-2021» байқауындағы қызық оқиғасын айтып берді
ашық дереккөзі

«Славян базары-2021» халықаралық өнер фестивалінің гран-при иегері Рухия Байдүкенова Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді.

«Славян базарының» іріктеуіне үш жыл қатарынан барғанмын. Алғаш барғанда ұйымдастырушылар маған «арықта» деп айтты. Ол кезде салмағым 95 келі еді. Екінші рет барғанымда да бағым жанбады, жұлдызды сәтім болмады. Үшінші жылы іріктеуге қатысу-қатыспауды ойлап жүргенде, Димаш Құдайберген қатысып көр деп ұсыныс жасады. Осылайша, Роза Рымбаева бастаған әділ қазылар алқасы маған еліміздің атынан өнер көрсетуге жолдама берді», – деді жас әнші. Сонымен бірге, Рухия Байдүкен «Славян базары-2021» байқауының қалай өткенін айтып берді.  width= Сонымен бірге, Витебскідегі Димаштың шетелдік жанкүйерлері жас әншіге үлкен қолдау көрсеткен. «Онда тағам жағынан қиындықтар болды. Бір күні сорпа іздегенімді Димаштың жанкүйерлері естіп, ертесіне қонақүйге сорпа жасап әкелді. Әрине, мұндай қамқорлық күтпедім. Олар біздің көк туымызды көтеріп, байқау бойы үлкен қолдау көрсетті. Димаш аға – маған өзімнен де қатты сенім артып, жеңіске жететініме сендірген адам. Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа да үлкен рахмет. Амандық Ғаббасұлы сапарға шығарда батасын беріп, «Сенің көзің чемпион» деген еді. Сол сөзі де байқауда маған үлкен демеу болды. Әрине, қолдау көрсеткен барша қазақ еліне алғыс айтамын», – дейді Р. Байдүкен. Еске салсақ, 14 мемлекеттен келген қатысушы славян елінен шыққан композитордың туындысын славян тобына жататын тілдің бірінде оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Байқау нәтижесінде жерлесіміз Гран-при иегері атанып, «Алтын лира» мүсіншесімен бірге 20 мың АҚШ долларына ие болған еді.