«Жалған» полицей ұсталды
«Жалған» полицей ұсталды
Ұсталған күдікті өзін полиция қызметкері деп таныстырып, Алматыдағы адамдарды тонаған. Алматы қалалық ПД-нің мәліметінше, Жамбыл облысының 20 жастағы тұрғыны осындай оңай жолмен пайда табу әдісін бірнеше рет қолданған.
Ш. есімді ер адам бұрын сотталған. Бұл жолы қылмыстың әдісі аздап өзгерген. Енді ол өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өтіп бара жатқан адамдарды тонаған. Қазір күдікті қамауға алынды. Одан полиция формасы тәркіленді. Күдікті ол форманы базардан сатып алған. Аталған факті бойынша ҚК-нің 191-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу жүріп жатыр, – дейді деді Медеу АПБ-ның бастығы Дәурен Өтебаев.
Күдіктінің Алматы аумағында және Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта оның бес қылмыстық іске қатысы бары анықталған.