2032 жылғы Жазғы олимпиада ойындары қайда өтеді – ХОК

2032 жылғы Жазғы олимпиада ойындары қайда өтеді – ХОК

2032 жылғы Жазғы олимпиада ойындары қайда өтеді – ХОК
ашық дереккөзі

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2032 жылғы Жазғы олимпиада ойындары мен Паралимпиада ойындары Брисбен қаласында өтеді деп жариялады. Бұл туралы Inside the Games порталында жазылды, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сонымен Аустралия жерінде жазғы Олимпиада ойындары үшінші рет өткелі тұр. Біраз уақыт бұрын төртжылдықтың басты додасын 1956 жылы Мельбурн және 2000 жылы Сидней қалалары қабылдаған еді. Еске салайық, 2024 жылғы Олимпиада ойындары Парижде (Франция), ал 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтеді. 23 шілдеде Токиода Олимпиада ойындары басталып, 8 тамызда мәресіне жетеді.