Сарыағашта жоғалған 15 жасар қыз Шымкенттен табылды

Сарыағашта жоғалған 15 жасар қыз Шымкенттен табылды

Сарыағашта жоғалған 15 жасар қыз Шымкенттен табылды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Өз арызында әйел кәмелет жасына толмаған 15 жасар қызының үйінен 4 күн бұрын ешкімге айтпастан шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Ата-анасы қызын өз еркімен іздеп, алайда еш нәтиже шықпағанын айтқан. Сарыағаштық полицейлер ата-анасының қызды іздеуге жоғалтқан 4 күнін ескеріп, іздестіру жұмыстарына жеке құрамды жұмылдырды. Сонымен қатар, арнайы жедел уәкілдер тобы Шымкент қаласына қарай аттанды. Осылайша жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстары өз нәтижесін көрсетті. Полицейлер жоғалған қызды Шымкент қаласынан тапты. Белгілі болғандай анасы мен қызы өзара сөзге келіп қалған. Ашуға бой алдырған 15 жасар қыз Шымкент қаласындағы құрбысының үйіне кетіп қалып, телефоның сөндіріп тастаған. Бүгінгі таңда жоғалған қыз отбасымен қайта қауышты. Тәртіп сақшылары қыз бен оның отбасы мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.