Алексей Цой Маңғыстаудағы эпидахуал дабыл қағатындай деңгейде екенін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ақтауда коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыста аймақтағы медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланып, проблемаларды жою бойынша ұсыныстар қаралды.

Маңғыстау облысы соңғы айда, өзге аймақтармен салыстырғанда коронавирус жұқтыру жағынан алға шыққан.

«Бүгінде Маңғыстау өңіріндегі кейбір аудандарындағы төсек орын қорына үлкен салмақ түсіп тұрғаны байқалады. Ақтау қаласындағы инфекциялық төсек орын 64,2%, реанимациялық 69% құрайды, Жаңаөзен қаласындағы инфекциялық төсек орын 80%, реанимациялық 43,7% құрады және тенденция әлі де өсетіндігін көрсетіп отыр. Бұдан бөлек Ақтау қаласында облыстық перинаталдық орталық деңгейінде реанимациялық төсек орындарының тапшылығы сезіледі деген болжам бар. Қазіргі уақытта 10 реанимациялық төсек орындарының 90% толық және модульдік инфекциялық стационардың 55 төсек орынының 69% толық», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

«Маңғыстау өңіріндегі қазіргі ахуал дабыл қағатындай деңгейге жетті. Себебі алдағы уақытта орындардың тез толып қалуынан төсек-орын қорының жетіспеушілігі байқалады. Тұрғындарға стационарлық көмектің қолжетімділігі төмендеп кетуі де ықтимал», – деді Алексей Цой жиында.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдарға аталған проблемаларды шұғыл арада шешу жөнінде тапсырма берілді.

 

Back to top button