Жаңалықтар

Фермерлерге көмек көрсетіледі: Асқар Мамин Маңғыстау облысына барды

ашық дереккөзі

Фермерлерге көмек көрсетіледі: Асқар Мамин Маңғыстау облысына барды

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, онда облыс әкімі С. Трұмовтың өңірдегі мал шаруашылығы саласында қалыптасқан ахуал және құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі баяндамасын тыңдады. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Премьер-Министрге аса зардап шеккен Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарын жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай секілді көршілес облыстардан шөп жеткізу және өткізу жұмыстары жолға қойылған. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-мен жасалған келісімшарт аясында 1200 тоннадан астам арпа әкелінді, олар фермерлерге нарықтық бағадан төмен бағамен сатылды. Сондай-ақ өңірде мал басын түгендеу бойынша арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Фермерлік шаруашылықтарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жедел шешу және мониторинг жасау жөніндегі республикалық штабтың қарау қорытындысы бойынша Үкімет Маңғыстау облысында азыққа жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге бөлді. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша фермерлік шаруашылықтарға қолжетімді бағамен көлемі 114,7 мың тонна дайындалған шөпті сатып алу және жеткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы көлемі 56,3 мың тонна жем-шөп (кебек) сатып алуға қосымша қажетті қаражат бөлінетін болады. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ukimet-basshysy-mangystau-oblysyndagy-fermerlerge-komek-korsetudi-tapsyrdy_a3814470