Жаңа мобайл қосымша іске қосылды

Мессенджерге тек телефон нөмірі арқылы тіркелуге және телефон кітапшасында сақталған адамдармен ғана достасуға болады. 

WhatsApp желісі компаниясының бұрынғы бизнес директоры Нирадж Арора мен техникалық директоры Майкл Донохью тек ұялы телефонмен қолдануға болатын жаңа HalloApp желісін іске қосты. Бұл мессенджерге тек телефон нөмірі арқылы тіркелуге және телефон кітапшасында сақталған адамдармен ғана достасуға болады.

Әзірлеушілер бұл өнімді «Дәстүрлі әлеуметтік желілерге қарсы ем. Виртуалды емес, шын адамдармен ғана сөйлесуге мүмкіндік беретін қосымша» деп сипаттап отыр. Әлеуметтік желіде артық контент және жарнама болмайды. Сонымен бірге ол қолданушылардың жеке мәліметтері әрдайым құпия сақталатынымен ерекшеленеді.

– Чатта сізге қажетсіз хабарламалар болмайды. Яғни, сіздің чаттарды желі алгоритмі емес, өзіңіз реттеп отырасыз, – деп жазды әзірлеушілер HalloApp блогында.

Қазір HalloApp желісін пайдалану толықтай тегін. Алайда алдағы уақытта ақылы негіздегі мүмкіндіктер пайда болады деп жоспарланған.

Back to top button