«Байқамай қалдым». Келінінің бетін күйдірген қайын апа халықтан кешірім сұрады

Түркістан облысында қайын апасы шанышқыны отқа қыздырып, келінінің бетіне басқан. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлаған еді.

219758667 216298637042630 6826648952082480262 n 1

Оқиғадан кейін сол үйге Гүлзираның сіңлісі келіп, әпкесінің жағдайын көріп, балаларымен бірге алып кеткен.

Артынша келінінің бетіне шанышқы басқан Бағила есімді қайын апасы видео жариялап, кешірім сұрады.

«Келініме вилка басқан кезде байқамай қалдым. Ыза-күйікпен, ашуланып істедім. Шешем газ плитаны жу деген екен, «неге соны жумайсың, жуа салмайсың ба?» дедім. Газ плитаға вилканы қалай қыздырып басқанымды өзім білмей қалдым. Қазақстан халқынан, көріп отырған көрерменнен кешірім сұраймын. Енді мұндай қайталанбайды», – деді Бағила Кәрібай.

Істің мән-жайын полиция анықтап жатыр.

 

Back to top button