21 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

21 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

21 шілде: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар
ашық дереккөзі
1917 жылы Орынбор қаласында I жалпықазақ съезі өтіп, онда қазақ интеллигенциясының өкілдері «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығарды. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда тұңғыш съез өтіп, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам өкілдер қатысты. Съезге Хәлел Досмұхамедов төрағалық етіп, хатшылығын Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтар атқарды. Бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қойылды. Оның арасында: 1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу шаралары қаралды. 1958 жылы Қазақ симфониялық оркестрі құрылды. Оның негізі Қазақ радиосы симфониялық оркестрінің базасында қаланды. Тұңғыш бас дирижері әрі жетекшісі Фуат Мансуров болды. 2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысында қазақ-орыс «Қарақоға» бірыңғай бақылау-өткізу орны ашылды. «Қарақоға» бірыңғай бақылау-өткізу орны Ресей Федерациясының шекарасында орналасқан, жалпы алып жатқан аймағы 320 км. Ол халықаралық көпжақты өткізу орны болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар алмастыруды және сауда-экономикалық байланысын әрі қарай дамытуға арналған өткізу орны «бір аялдама» жүйесі бойынша жұмыс істей отырып, тауар алмастыру барысын жеңілдетеді. 2006 жылы «Қазпошта» АҚ республика ішілік пошталық айналымға жаңа марка шығарды. Жаңа шығарылым танымал геолог-ғалым, Қазақстандағы геомеханиканың негізін салушы, ҚР ҰҒА мүшесі, профессор Ақжан Машанидің 100 жылдығына арналған. Екінші Аристотель атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеуге барлық саналы ғұмырын арнаған ол - геология және кен істері бойынша жарық көрген бірқатар оқу құралдарының авторы. 4 бояулы офсеттік тәсілмен басылған марка 50 мың дана таралыммен шыққан. 2007 жылы Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бір топ қызметкері Тараздағы қазба жұмыстары кезінде, қала ортасында орналасқан Қарахан кесенесінің маңынан мешіт қалдықтарын тапты. Мешіттің құрылысына қарағанда 14 ғасырда салынғанға ұқсайды, сол кезде құрылысқа кірпіш шикізатын қолданған. Соңғы исламның мешіттері терракота кірпіштерінен көтерілген. Бұл ғимараттың сақталып қалған бөлігі - іргесі, ішкі атрибутикасы - осы жерде мешіт болғанын дәлелдейді, енді ислам дінінің біздің елімізде қай уақытта пайда болғанын айтуға болады. Бұл мешiт бұрын салынған несториан немесе манихей храмның iргесiнде тұрғызылған. 2010 жылы Өскеменде үйлерді сырлау кезінде жергілікті өнертапқыш Алексей Башкирцевтің нанотехнологиясы қолданыла бастады. Ол «қатты уақтау» технологиясын ойлап тауып, оны цемянка деп атады. Бұл – әктас пен ұнтақталған күйіктастан құралған су өткізбейтін құрылыс ерітіндісі. 2011 жылы Нұр-Сұлтан қаламаңы аймағына 81 елді мекен қосылды. 2014 жылы Астанада Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенті Сабыржан Алымжановтың жұмысы үлкен теннистен ҚР Президенті Кубогін әзірлеу байқауында жеңімпаз атанды. Трофейде қыранның қанаттары мен күнді бейнеленген, ол қазақ халқының және теннис спортының символдарын біріктіреді. Оны чехиялық Lasvit компаниясының ұсталары қолдан жасаған. Алматылық студенттің жобасы бойынша жылтыр тастан және хрустальдан жасалған кубок Астана қаласында өткен үлкен теннистен халықаралық «Президент Кубогі - 2014» турнирінің жеңімпазына берілді. 2015 жылы Шымкентте «Күміс қылыш» атты компьютерлік анимация, кино әдістері қолданылған тұңғыш мультфильм жарыққа шықты. 2018 жылы Үндістанның Нью-Дели қаласында Азияның грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жастар чемпионаты аяқталды. Онда спортшы Ирина Кузнецова алтын медаль жеңіп алды. Ирина Кузнецова – ҚР Қорғаныс министрлігі Армиясының орталық спорт клубының спортшысы. Кузнецова 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.